Еркебай Бүрлібайұлының биографиясы

Еркебай Бүрлібайұлы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында 1934 жылы туылған. Ташкент шахарындағы педагогикалық училищені, Низами атындағы педагогикалық институттың тарих факультетін бітірген. Оңтүстікке белгілі ұстаз, тарихшы, шежіре танушы. Ұзақ жылдар «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас», «Оңтүстік Қазақстан» газеттерінің штаттан тыс тілшісі  болған. Жас кезінен бастап, осы күнге дейін аудандық, облыстық, республикалық көптеген газет-журналдарда тарихы танымдық және әдеби шығармалары тұрақты жарияланып келеді.  1977 жылы Алматыда шыққан «Шұғыла» атты өлеңдер жинағына, 1996 жылы Алматыдан шыққан «Жабай тоқсаба-әулие» кітабына  көптеген еңбектері кірді. 2004 жылы «Жабай баба» жеке кітабы шықты. 2006 жылы, «Ойсыл баба–Сіргелі ұрпақтары» кітабына 11 тарихи мақаласы енді. 2011 жылы Шымкенттің «Кітап» баспасынан «Есте қалған есімдер», «Жабай бабаның киесі», «Қарқара» атта үш томдық шығармасы жарық көрді. Оның өткен ғасырдың 60 жылдарының басында орталық газет-журналдарында (Лениншіл жас, Білім және еңбек т.б.) жарық көрген «Сіргелілер не дейді?» атты тарихи-шежіре мақаласы қоғамда үлкен қызығушылық туғызып, талқыға түсті. Аталмыш мақала республикада жарияланған алғашқы тарихи шежіренің бірі болатын. Еркебай Бүрлібайұлы 30 жылдан астам мектеп директоры қызметін атқарған.  «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген қызметкері»,  КСРО «Құрмет белгісі», «Еңбек қызыл ту»  ордендерінің иегері. Оған қосымша көптеген  медаль, мақтау қағаздарымен марапатталған. КСРО мен  ҚР оқу-ағарту ісінің үздік қызметкері. 1987 жылы Қазақстан Республикасы мұғалімдері съезі делегаты. 1992 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы мектеп директорлары байқауы жеңімпазы. Жергілікті кеңестің әр кезеңдегі депутаты болып сайланып, қоғам өміріне белсене араласып отырған. Сарыағаш, Отырар «аудандарының құрметті азаматы».

© 2025 Еркебай Бүрлібайұлы. Барлық құқық сақталған

Сайт жасаушы Әлиасқар Ақарыс

Прокрутить вверх